25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "СШ Акмектеп"

Мектеп туралы

Мекеменіңзаңды мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылдық округі, Ақмектеп ауылы, Ақмектеп ауылы, Ақмектеп   1- орам , ғимарат 25.

Тиісті құрылтайшы құжаттары бар.

Қазіргі «Ақмектеп орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы ірге тасы 1927-28 жылдары қаланған.1931 жылы мектептің алғашқы директоры Қожақов Мәди 1953 жылы мектеп «Ленин жолы» жеті жылдық мектебі болып құрылып , мектеп директорлығына Нұқайев Елтай тағайындалды.

1964 жылы жаңадан мектеп үйі салынып 1965 жылдың күзінен «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебі болып аталды, мектеп директоры Кенжалин Кәрім.

1971-72 оқу жылының басында студенттік құрылыс отрядының күшімен мектеп жанынан жаңадан оқу корпусы салынып,пайдалануға берілді.

1975 жылдары мектептегі бала саны 170-тен асты , 10 сынып комплектісі болды. Сол жылы мектеп жанынан 50 балалық бюджеттік интернат ұйымдастырылды. Мектеп жанынан екі бөлмелі 20 орындық оқу шеберханасы салынды.

1990 жылымектеп «Ленин жолы атындағы мектеп» болып өзгертілді.

1992 жылы екі қабатты 192 орындықжаңа типті мектеп пайдалануға берілді.

1993 жылдан  «Ақмектеп орта мектебі» болып аталды.

2000 жылы «Ақмектеп орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.

2007 жылы мектеп жанынан екі шағын орталық ашылды.

2011 жылдан «Ақмектеп орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді.

Мектеп директорлары:

1973 – 85 жылдары  Б.Мұхаметрахимов.

1985 – 97 жылдары  Қ.Тортарбеков.

1997- 2012 жылдары  С.Құрмашев.

2012-18 жылдары  Ж.Қабылбаев.

2019 жылдан  Б.Амиргазин.

Пайдалы ақпараттық ресурстар